Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Абай аудандық мешіті Мәуліт мерекесін ұлықтады (фото)
08 қараша, 2022 жыл 216 Басып шығару нұсқасы

   ҚМДБ-ның Қарағанды облысына қарасты Абай аудандық орталық  мешітінің ұйымдастыруымен сүйікті Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с.) туылған айына орай  Мәуліт кеші болып өтті. 

Берекелі жиынға Қарағанды облысының бас имамы Естай Айтуғанұлы, аудан имамы Асхат Қанайұлы бастаған мешіт қызметкерлері және Абай қаласының жергілікті тұрғындары қатысты. Сондай-ақ, республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінің наиб имамы, елімізге белгілі қари Жұманазар Өсерханұлы арнайы қатысып, Мәуліт жырын оқыды.

Өз құттықтау лебізімен кеш шымылдығын ашқан облыс бас имамы Естай Айтуғанұлы Мәуліт мерекесінің маңызы мен екі дүние сардарының үмметтеріне мирас етіп қалдырған сауапқа толы сүнеттерін жаңғыртудың бүгінгі күні мәні аса зор екенін айтып өтті. 

Жәннат бақшаларынан болған отырыс барысында Пайғамбарымызға  (с.ғ.с.) салауаттар оқылып, сәлемдер айтылды. Алла Елшісінің  (с.ғ.с.) өмір жолы мен сүнеттері насихатталып, терме-толғау, ғибратты ән-жырлар мерекенің одан әрі шырайын ашты. 

Кеш соңында Абай аудандық орталық мешітінің имамы Асхат Қанайұлы берекелі кешке жиналған құрметті қонақтарды, мешіт жамағаты мен ақ жаулықты аналарды қасиетті мерекемен құттықтап, өзінің шексіз алғысы мен ризашылығын білдірді. 

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары