Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Облыс бас имамы Бұқар жырау ауданына барды
09 қараша, 2022 жыл 176 Басып шығару нұсқасы

   Қарағанды облысының бас имамы Естай Айтуғанұлы Бұқар жырау ауданына арнайы іс-сапармен барып, аймақтың діни ахуалымен танысты. Аудандық «Жыржыс қажы» мешітінің имамы Рүстем Мұратұлы құлшылық үйі мен аймақтың бүгінгі тыныс-тіршілігінен хабардар етті. 
Қызметтік сапармен киелі аймаққа аяқ тіреген бас имам бақылау-басқару жұмысын әуелі дін саласында қызмет етіп келе жатқан имамдармен кездесуден бастады.  
ҚМДБ бекіткен жеті бағытты басшылыққа ала отырып, игі жұмыстарды одан ары дамытып, кеңінен жолға қою керектігін ескертті. Осыған байланысты жергілікті дін қызметкерлеріне тиісті тапсырмалар берді. 
Облыс бас имамы аудандағы негізгі құлшылық үйі болып саналатын «Жыржыс қажы» мешітін жан-жақты аралап, соңғы кездері орын алып жатқан көңіл көншітер жаңалықтармен де танысты. 
Одан бөлек мешіттің тазалығына назар аударылып, ғимараттың ішкі және сыртқы жұмыстары тексерілді. Сондай-ақ, аудандық мешіттің қыс мезгіліне дайындығы пысықталды. 
 
ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары