ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының Қарағанды облысындағы өкілдігінің ұйытқы болуымен жылдағы үрдіске сай «Жылу сыйла» қайырымдылық акциясы басталды.
Қарағанды облысының бас имамы Естай Айтуғанұлының бастамасымен және «Зекет және қайырымдылық» қорының өкілі Мирас Эрланұлының ұйымдастыруымен жүзеге асқан игі шара барысында қыстық отын сатып алуға шамасы келмейтін тұрмысы төмен отбасыларға көмір түсірілді. Күні кеше бастау алған қайырымдылық шарасы шаһардағы әлеуметтік көмекке мұқтаж отбасыларға отын түсіруді әлі де жалғастыруда.
ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі
Пікірлер