Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Абайда құранға түскен шәкірттер саны артып келеді
11 қараша, 2022 жыл 124 Басып шығару нұсқасы

  Қарағанды облысына қарасты Абай аудандық орталық мешітінде әйел-қыздар жамағатына арналған Құран дәрістері қарқынды жүргізіліп, нәтижесінде қасиетті құранға түскен шәкірттер саны артып келеді. 

Дәрісті  мешіт ұстазы Ақбота Дюсенбай жүргізіп, әр шәкіртті қасиетті Құран кәрімге баулуда. Тұрақты дәрістің нәтижесінде бірнеше шәкірт құранға түсіп, білімдерін шыңдау үстінде.

 «Кімде – кім Аллаһтың кітабынан бір әріп оқыса – бір сауап, ал бір сауап он сауапқа тең. Әлиф-ләм-мим («Бақара» сүресінің басы) бір әріп деп айтпаймын, әлиф бір әріп, ләм бір әріп, мим бір әріп»

( Тирмизи (Абдуллаһ ибн Масғуд риуаят етеді)).

Айта кетейік, дәріс әр сейсенбі, бейсенбі және жұма күндері өтуде.

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары