Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Облыс бас имамы Шахтинск қаласының мешітіне бақылау жүргізді (фото)
14 қараша, 2022 жыл 242 Басып шығару нұсқасы

  Қарағанды облысының бас имамы Естай Айтуғанұлы басқару-бақылау жұмыстары бойынша өкілдікке қарасты Шахтинск қалалық «Нұр» мешітіне барды. Мешіт имамы Әсет Наурызбайұлы құлшылық үйінің қазіргі тыныс-тіршілігімен таныстырып, онда жүріп жатқан реконструкция жұмыстарын көрсетті. 

Мешіт имамы күрделі жөндеуден өтіп жатқан қалалық «Нұр» мешіті біршама оң өзгерістердің қарсаңында тұрғанын айтады. Діни рәсімдерді атқаруға арналған мешіт асханасы да тұрақты түрде жұмыс істеп келеді. Сонымен қатар жуырда ғана ерлер мен әйелдер дәретханасы жамағатқа ыңғайлы түрде жөндеуден өткен көрінеді. Барлығы заманауи түрде жаңаша жабдықталған.

Сондай-ақ, облыс бас имамы мешіт қызметкерлерімен арнайы жиын өткізіп, біршама өзекті мәселелер төңірегінде сөз қозғады. Мешіт имамы Әсет Наурызбайұлы Шахтинск қаласының қазіргі діни ахуалы жайлы баяндап, алдағы жоспарларымен бөлісті.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары