Пайғамбарымыз Мұхаммед (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Сендердің ең жақсыларың – Құранды үйреніп оны үйреткендерің» деген.
ҚМДБ-ның Қарағанды облысына қарасты Саран қалалық мешітінде құран дәрістері тұрақты жалғасып келеді.
Дәрістерді мешіт наиб имамы Мәулен Әбілхайыр Кәсенұлы мен азаншы Ерболат Дәуіржан жүргізуде. Құран дәрісінен шәкірттердің алды 1 пара Құран жаттады. Өзге де діни пәндерден дәріс алуға ниеттенген жамағат қатары артуда.
ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі
Пікірлер