Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

АБАЙ АУДАНДЫҚ МЕШІТІНЕ ЖЫЛЫ ЕДЕН ТӨСЕЛДІ
19 қараша, 2022 жыл 69 Басып шығару нұсқасы

   ҚМДБ-ның Қарағанды облысына қарасты Абай аудандық мешіті ғимаратына жылы еден төселді. 

Қыс мезгіліне тұспа тұс келген күрделі жөндеу жұмыстары бүгінде сәтті аяқталып, аудандық мешіт ғимараты қаһарлы қыс айына сақадай сай. Игі істің басы қасында жүріп, іске асуына мұрындық болған мешіт имамы Асхат Қанайұлы сауапты һәм қайырымды іске ат салысқан демеушілерге өзінің алғысын айтып, ризашылығын білдірді.

Еденнің жөндеу жұмыстарына мешіт дін қызметкерлері мен мешіт жамағаты ат салысты.

Айта кетейік, қазіргі уақытта Абай аудандық мешіті жанынан дәретхана мен мәйітхана ғимараты бой көтеріп келеді. Бүгінде қос бірдей құрылыс нысанының қабырғалары көтеріліп, шатыры жабылды. Аталмыш аймаққа қызметке осыдан төрт ай бұрын тағайындалған мешіт имамы алда талай тың өзгерістер мен жоспарлар іске асырылатынын алға тартты.

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары