Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Политехникалық колледж студенттерімен кездесу өтті
22 қараша, 2022 жыл 52 Басып шығару нұсқасы

ҚМДБ-ның Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің наиб имамы Мұсабеков Нұржігіт Оразалыұлы Қарағанды қалалық білім басқармасының Политехникалық колледжінде болып, жастармен кездесті.

Кездесу мақсаты – жастар арасында діни экстремизм құбылыстарының алдын алу, жастар арасында теріс ағымдардың зияны турасында насихат жұмыстарын жүргізу болды.

Уақыт өткен сайын жастардың мешіттерге көптеп келетіндігін сөз еткен наиб имам жастарды теріс ағымның жетегінде кетуден сақтандырды.

Сондай-ақ, діни сауат ашу, көкейлеріндегі сұрақтарына жауап алу бойынша тек мешіт имамдарына ғана жүгіну керектігін жеткізді.

Шараға қатысушы жастар наиб имам Нұржіті Оразалыұлына сауалдарын жолдап, тұщымды жауаптарын алды.

Бұл бағыттағы шаралар алдағы уақытта да өз жалғасын таба береді.

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша  баспасөз қызметі

 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары