Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

ТЕМІРТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ИМАМЫ «ЖАҚЫП АҚБАЙ» МЕШІТІНДЕ ЖҰМА НАМАЗЫН ӨТКІЗДІ
26 қараша, 2022 жыл 206 Басып шығару нұсқасы

  Қарағанды облысына қарасты Теміртау орталық «Әлихан Бөкейхан»  мешітінің имамы Бейбіт Бақытжанұлы қаладағы «Жақып Ақбай» мешітінің жамағатымен кездесіп, жұма намазын өткізді. 

Қасиетті жұма күні мешітке жиналған жамағатқа «Мұсылманның мұсылман алдындағы ақылары» тақырыбында  уағыз - насихат айтты. Естеріңізге сала кетейік, осыдан таяу уақыт бұрын ерлікпен қаза тапқан өрт сөндіруші Асқар Забикулинге дүйім жамағат құран бағыштап, дұға жасады.  Сонымен қатар, жамағатқа әр апта Құран хатым түсіріліп отыратыны хабарланды.

 Артынша жамағаттың тарапынан туындаған бірнеше сұрақтарға жауап беріліп, пәтуа сағаты өткізілді.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары