ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша бас имамы Әбдіғали Естай Айтуғанұлының тапсырмасымен «Төлеутай ата» мешіті, «Жастар ісі» секторының ұйымдастыруымен мешіт жамағаты арасында футболдан сайыс өтті.
"Бірлігі жарасқан жамағат" тақырыбы аясында өткен сайыстың мақсаты жамағат арасында бірлікті арттырып, толеранттылықты қалыптастыру, салауатты өмір салтын насихаттау.
Сайыс тартысты өтіп, жүлдегерлер ынталандыру сыйлықтармен марапаттады.
ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі
Пікірлер