Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Облыс бас имамы Осакаров ауданының әкімімен жүздесті
27 қараша, 2022 жыл 248 Басып шығару нұсқасы

   Қарағанды облысының бас имамы Естай Айтуғанұлы Осакаров ауданына барған сапарында жергілікті аудан әкімі Руслан Есенбекұлымен кездесіп, сұхбат құрды.

Келелі кездесуге облыстық «Әнет баба» мешіті мен әкімшіліктің бір топ қызметкерлері және аудан имамы Жоламан Әбілханұлы қатысып, аталмыш өңірдің рухани тұрғыдағы өзекті мәселелері алқалы жиынның өзегіне айналды.

Сондай-ақ, Осакаров ауданында жаңадан бой көтергелі отырған мешіттің құрылыс жұмыстары мен жобасы талқыланды. Аудан басшысы игі бастамаға өз тарапынан көмегін тигізетінін айтып, шынайы ықыласын білдірді.

Басқосу соңында облыс имамы Естай Айтуғанұлы әдеттегі үрдіс бойынша аудан әкіміне Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының басшылығымен жарыққа шыққан «Ихсан – рухани тәрбие негізі» кітабын хадия етті.

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары