Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Абай мешіті жамағатына сертификат табысталды
28 қараша, 2022 жыл 94 Басып шығару нұсқасы

   ҚМДБ-ның Қарағанды облысына қарасты Абай аудандық орталық мешітінің шәкірттеріне сертификат табыстау рәсімі болып өтті. Шара шымылдығын ашқан Абай аудандық мешітінің имамы Асхат Қанайұлы алдымен  жиылған жамағатқа білім үйренудің маңыздылығы хақында насихат айтты. «Тал бесіктен жер бесікке дейін ілім ізде» деген Пайғамбар (с.ғ.с.) өсиетіне сай асыл уақыттарын босқа жұмсамай, ілім алуға арнаған шәкірттер қауымына өз алғысын білдіріп, жылы лебізін жеткізді.

Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің ұстазы Юсуф Шұғайұлы Абай мешіті жамағатына Имам Әбу Жағфар әт- Тахауйдің «Баяну әл Ақидату әл-әһлу әс сүнна» кітабы бойынша төрт айға жуық дәріс жүргізіп, дәрісті толық тәмамдаған 20 шәкіртке  арнайы мешіт сертификатын тапсырды.  Сонымен қатар, жиналған жамағатқа өзінің ыстық лебізін білдіріп, алдағы білім алу жолында сәттілік пен табандылық тіледі.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары