Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Қарқаралы жамағатына Мәуліт дастарханы жайылды
01 желтоқсан, 2022 жыл 401 Басып шығару нұсқасы

   Қарағанды облысы бойынша өңірлерді аралап, жай-күйімен танысып жүрген облыс бас имамы Естай Айтуғанұлы Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) тағылымға толы өмірбаянын насихаттау  мақсатында өткен Қарқаралы ауданындағы Мәуліт мерекесіне қатысты.

Аудан имамы Митератбек Құбылайхановтың ұйымдастыруымен жамағатқа арнайы дастархан жайылып, оған облыс орталығынан барған діни қызметкерлер мен жергілікті ауыл ақсақалдары және тұрғындары қатысты.

Берекелі жиын әдетке айналған үрдіс бойынша Құран аяттарымен басталды. Облыс бас имамы ата дініміз Исламның құндылықтары мен Мәуліт мерекесінің мән-маңызына тоқтала келе жамағатқа құттықтау лебізін білдірді.

Отырыс барысында Пайғамбарымызға (с.ғ.с.) салауаттар айтылып, Мәуліт жыры оқылды. Екі дүние сардарының ғибратты ғұмырынан викториналық сұрақтар қойылып, жеңімпаздарға сыйлықтар үлестірілді.

Мәуліт мерекесінің соңында ақсақалдар батасын беріп, рухани кешке арнайы келген облыс бас имамына жамағат өз ризашылығы мен алғысын айтты.

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары