Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Жемқорлыққа қарсы мектеп оқушыларымен кездесу өтті
05 желтоқсан, 2022 жыл 60 Басып шығару нұсқасы

   ҚМДБ-ның Қарағанды  облысы Шет ауданына қарасты «Иса молла» мешітінің имамы Кешубай Азамат 9- сынып мектеп оқушыларымен «Жемқорлықсыз қоғамға қадам» атты  кездесу өткізді.

Кездесу барысында жастарға жемқорлықтың зияны мен кесапатын түсіндірді. Сондай ақ, жат діни ағымның алдын алудың негізгі жолы пайдалы білім алуда жатқанын жеткізді.  Қазіргі таңдағы жас буын арасындағы татулықты нығайта түсу үшін дұрыс жол көрсету басты міндет екенін айтты.

Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды қолданарда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мен ҚР Дін істер министрлігінің сараптамасынан өткен еңбектерін ғана пайдалану қажет екенін түсіндірді.

Кездесу соңында оқушылар көкейкесті сұрақтарына тұшымды, жан-жақты жауап берді.

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары