Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Медресе шәкірттері Мәуліт мерекесін ұлықтады
06 желтоқсан, 2022 жыл 435 Басып шығару нұсқасы

   Қарағанды облысының бас имамы Естай Айтуғанұлының қатысуымен «Олжас Есенұлы» атындағы  діни сауат ашу орталығында Мәуліт кеші болып өтті. Аталмыш білім ордасының директоры Сайлау Жұмағұлұлы мен медресе шәкірттерінің ұйымдастыруымен жамағатқа дастархан жайылды. 

Шәкірттерді асыл дініміздің ілім нәрімен сусындатып келе жатқан ілім шаңырағындағы рухани шара шымылдығы Құран аяттарын оқумен ашылды. Алла Елшісіне (ﷺ) салауаттар айтылып, Мәуліт жыры оқылды. 

Пайғамбарымыздың (ﷺ) өмірі мен өнегесінен сыр шертіп, кеш қонақтарына әсерлі уағыз-насихатын арнаған облыс бас имамы шәкірттер мен жиналған қауымды қасиетті мерекемен құттықтады. 

Рухани кеш соңында медресе директоры Сайлау Жұмағұлұлы салауат пен сауапқа толы жиынға қатысқаны үшін облыс имамына және жамағатқа өз алғысы мен ризашылығын білдірді.

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары