Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Көкбекті мешітінің имамы дін істері басқармасының алғыс хатымен марапатталды
08 желтоқсан, 2022 жыл 147 Басып шығару нұсқасы

   ҚМДБ-ның Қарағанды облысына қарасты Көкбекті ауылдық мешітінің имамы Мұхамедов Сұңқар Қадырұлы Қарағанды облысы дін істері басқармасының арнайы алғыс хатымен марапатталды.

Алғыс хатты Сұңқар Қадырұлына Қарағанды облысы дін істері басқармасының басшысы Халелов Дулат Қанышұлы табыстады.

Алғыс хат мәтінінде: «Еліміздегі діни тұрақтылықты сақтау және ынтымақтастықты нығайту жолындағы игі еңбегіңіз үшін Сізге зор денсаулық, амандық және табыс тілеймін»,-делінген.  

Алғыс хатты табыстай келе басқарма басшысы: «Сіз елдің қоғамдық өміріне белсене араласасыз, елдің рухани және отбасылық құндылықтарды нығайтуға көп көңіл бөлесіз» дей келіп, Көкбекті ауылдық мешітінің имамының алдағы қызметіне  жетістік тіледі.

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі 

 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары