Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

«Қазыбек би» мешіті жамағаты дәстүрге айналдырған футбол алаңында бас қосты
12 желтоқсан, 2022 жыл 268 Басып шығару нұсқасы

ҚМДБ-ның Қарағанды қалалық «Қазыбек би» мешітінің имамы Абдрахман Ысқақ Рахимбекұлының ұйымдастыруымен   жамағат   арасында футбол ойындарын өткізу дәстүрге айналған. Жыл басынан бері өткізіліп келе жатқан спорттық шара  тағы бір мәрте жалғасын тауып,  мешіт жамағаты  футбол алаңында бас қосты.

"Бірлігі жарасқан жамағат" тақырыбы аясында өткен сайыстың мақсаты жамағат арасында бірлікті арттырып, толеранттылықты қалыптастыру, салауатты өмір салтын насихаттау. Айта кетейік, дәстүрлі ойын  әр сенбі күні ұйымдастырылады.

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары