Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Желтоқсан оқиғасына қатысушылармен кездесу өтті
14 желтоқсан, 2022 жыл 232 Басып шығару нұсқасы

    Ел егемендігінің 31 жылдығына және 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасының 36 жылдығына орай Қарағанды қалалық «Әл Машани» мешітінде рухани кеш болып өтті. Жиынға кеңестік империяның іргесін шайқалтқан қазақ жастарының толқуына қатысушылар қатысып, мешіт шәкірттері мен қажы әжелерге естеліктерімен бөлісті.

Тағылымды іс-шара ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша «Әйел-қыздар» секторының жауапты өкілі Бақытгүл Айтқалиқызының ұйымдастыруымен өтті. Мешіт ұстазы алдымен  кешке жиналғандарды тәуелсіздіктің 31 жылдығымен құттықтап:

– Халқымыздың ғасырлар бойы аңсаған Тәуелсіздігіне ие болғанымызға биыл 31 жыл толып отыр. Осындай мерейлі шақта еліміздің гүлденіп, көркеюі жолында аянбай еңбек етіп жүрген отандастарымызды ортақ мерекемізбен құттықтаймын!»,-деп, жылы лебізін білдірді. 

Берекелі шараның құрметті қонақтары ретінде шақырылған желтоқсан оқиғасының кәугерлері Қошанов Серік мырза және Сарышаған елдімекенінен арнайы келген Кужантаева Дуисенкул Худаибергенқызы Тәуелсіздіктің бастауына айналған оқиғаның маңызы турасында кеңінен әңгімеледі.

– Қазаққа Тәуелсіздік оңайлықпен келген жоқ. Біз оған ызғарлы Желтоқсанда кеңестік қызыл империя бодандығына қарсы бұлқынған намысшыл қазақ жастарының арқасында қол жеткіздік. Қазақстанның еркіндігі мен бостандығы жолында бастарын бәйгеге тіккен Желтоқсан оқиғасының қатысушыларының ерліктері уақыт өткен сайын жадымызда жаңғыратын болады, – деп атап өтті сөз алғандар.

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары