Қарағанды облысында орналасқан «Нәтиже сүт фабрикасының» «ҚМДБ халал» сертификаты жаңартылды. Арнайы сертификатты «Халал Даму» ЖШС-ның Қарағанды облысы бойынша жауапты өкілі Ысқақ Рахимбекұлы табыстады.
Зауыттың сертификатын жаңарту мақсатында сүт өнімдерінің құрамы, кәсіпорынның өндірістік жабдықтары, зертханасы, шикізат базасы мен ішкі тазалығы тексерілді. Сондай-ақ қызметкерлердің жұмыс жасау барысы, санитарлық тазалық шарттарын сақтауы, шариғат талаптарына сай емес өнімдерді қолданбауы, мекемеге шикізат өнімдерін тасымалдаушы кәсіпорындардың құжаттары, техникалық құрал-жабдықтардың стандарт талаптарына сай жабдықталуы, қаптамалардың адам денсаулығына зиянды болмауы секілді өнім өндіруден бастап тасымалдап сатуға дейінгі барлық жұмыс процесі тексерілді.
1999 жылдың наурыз айынан бастап жұмыс істеп келе жатқан сүт зауыты айран, түрік айраны, йогурт, сары май, сүзбелі өнімдер,құрт, балмұздақ өнімдерін өндіреді.
ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі
Пікірлер