Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

«Нәтиже-тәтті» ЖШС кондитердік өнімдері «ҚМДБ халал» сертификатын иеленді.
14 желтоқсан, 2022 жыл 566 Басып шығару нұсқасы

    Қарағанды облысында орналасқан «Нәтиже-тәтті» ЖШС кондитердік өнімдері «ҚМДБ халал» сертификатын иеленді. Бұл уақытқа дейін тек сүт өнімдерін өндіріп келген кәсіпорынның жаңа табиғи өнімдеріне арнайы тексеріс жүргізіп, тиісті құжаттарын рәсімдеген  «Халал Даму» ЖШС-ның Қарағанды облысы бойынша жауапты өкілі Ысқақ Рахимбекұлы халал сертификатын ресіми түрде табыстады.

Бақылау жұмыстары барысында кәсіпорынның өндірістік жабдықтары, зертханасы, ішкі тазалығы тексерілді. Сондай-ақ қызметкерлердің жұмыс жасау барысы, санитарлық тазалық шарттарын сақтауы, шариғат талаптарына сай емес өнімдерді қолданбауы, мекемеге шикізат өнімдерін тасымалдаушы кәсіпорындардың құжаттары, техникалық құрал-жабдықтардың стандарт талаптарына сай жабдықталуы, қаптамалардың адам денсаулығына зиянды болмауы секілді өнім өндіруден бастап тасымалдап сатуға дейінгі барлық жұмыс процесі тексерілді. 

ҚМДБ «Халал даму» мекемесінің мамандары жүргізген тексеріс нәтижесі бойынша кәсіпорынның халал өнімдерін өндіруге, тасымалдауға және сатуға қойылатын жалпы талаптар стандартына сай екені анықталды.

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары