Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Дін қызметкері Мемлекет басшысының грантын жеңіп алды
14 желтоқсан, 2022 жыл 224 Басып шығару нұсқасы

   Ақпарат және қоғамдық даму министірлігінің ұйымдастыруымен мемлекет басшысы  Қасым-Жомарт Кемелұлы  Тоқаевтың «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантына  конкурс жарияланған болатын. Білім мен ғылымның, кәсіп пен өнердің түрлі салалары бойынша өзіндік тың жобаларын ұсынған байқауға 2900 үміткер қатысты.

Додаға 14-29 жас аралығындағы үміткерлер қатысып, үздік 33 жеңімпаздың есімі анықталды. Байқауға ҚМДБ-ның Қарағанды қалалық «Қазыбек би» мешітінің азаншысы Ережеп Абылайхан Әбілхасымұлы қатысып,  «Бизнес» бағыты бойынша жеңімпаз атанды. Сондай-ақ, 3 000 000 теңге жүлдеге ие болды. Арнайы жүлдені Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі табыстады.

«Тәуелсіздік ұрпақтары» грантын берудегі мақсат – белсенді жастардың шығармашылық ортасын қалыптастыру және олардың тың бастамаларына мемлекеттік қолдау көрсету.

Айта кетейік, гранттар жаңа идеялар мен бастамаларды іске асыру үшін конкурстық негізде ғылым, мәдениет, ақпараттық технологиялар – жаңа IT, бизнес және медиа бағыттары бойынша берілді.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары