Дін мәселесі – өте өзекті тақырып. Әсіресе, оңы мен солын әлі жете танып-білмеген өрімдей жастардың діни көзқарасын қалыптастыру, оларға салиқалы әрі салмақты түсінік беру тек сала мамандарының ғана қолынан келетіні сөзсіз. Осы орайда ҚМДБ-ның Қарағанды облысына қарасты Ақтоғай аудандық мешітінің имамы Сүйіндік Асқат Төлеуқұлұлы аудандық өрт сөндіру мекемесінің қызметкерлерімен діни экстремизімге қарсы кездесу өткізді.
Жат ағымның алдын- алу мен одан сақтанудың түрлі жолдары түсінділірлі. Сонымен қатар, жиынға қатысушылардың тарапынан туындаған сұрақтарға жауап берді.
ҚМДБ ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі
Пікірлер