Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Теміртауда Tәуелсіздік күні ұлықталды
17 желтоқсан, 2022 жыл 70 Басып шығару нұсқасы

  ҚМДБ-ның Қарағанды облысына қарасты Теміртау қаласы «Әлихан Бөкейхан» атындағы орталық мешітінде ел егемендігіне 31 жыл толуына орай рухани кеш өтіп, желтоқсан құрбандары еске алынды.

Ақсақалдар алқасы мүшелерімен бірлесіп өткізген шара барысында  орталық мешіт асханасында арнайы дастархан жайылып, аймақ жамағаты мен кештің құрметті қонақтары бас қосты. Рухани шарада мешіт имамы Бейбіт Бақытжанұлы уағыз-насихат айтып, кешегі ел тәуелсіздігі үшін құрбан болған боздақтардың рухына Құран бағыштады. 

Шара барысында Теміртау қаласының «Әлихан Бөкейхан» атындағы орталық мешітіне қызметке жаңадан тағайындалған бас имам Бейбіт Бақытжанұлына ақсақалдар алқасы атынан алғыс хат табысталды.

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары