ҚМДБ-ның Қарағанды облысына қарасты Абай аудандық орталық мешітінің «Жастар ісі» секторының ұйымдастыруымен «Бірлігі жарасқан жамағат» тақырыбы аясында мешіт жамағаты арасында футбол ойыны ұйымдастырылды.
Жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау сондай-ақ, жамағаттың ауызбіршілігін нығайту мақсатында өткен шара барысында мешіт жамағаты екі топқа бөлініп бақ сынасты. Айта кетейік, аудан имамы Асхат Қанайұлының ұйымдастыруымен өткен шара әр апта тұрақты түрде өткізіліп тұрады.
ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі
Пікірлер