Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Облыс бас имамы Ақадырда Мәуліт кешіне қатысты
21 желтоқсан, 2022 жыл 312 Басып шығару нұсқасы

 Екі дүние сардары, сүйікті Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) құрметіне жер-жерде ұйымдастырылып жатқан Мәуліт мерекесі бұл жолы облыс бас имамы Естай Айтуғанұлының қатысуымен Ақадыр кентінде жалғасын тапты. 

Рухани кеш ең әуелі Құран аяттарын оқумен басталды. Одан кейін Қарағанды облысының бас имамы Естай Айтуғанұлы жиналған қауымға  ата-дәстүрімізбен сабақтасқан ислам дінінің құндылықтары жайында  және Мәуліт мерекесінің мәні мен маңызы хақында уағыз-насихат айтты.

Кемел отырыс барысында Мәуліт жыры оқылып, Пайғамбарымызға (с.ғ.с) салауаттар айтылды. Сонымен қатар, ғаламның рақым нұрына айналған Мұхаммед пайғамбардың (с.ғ.с) өмірбаянынан үзінділер оқылды. 

Мәуліт мерекесінің соңында облыс бас имамы елдің бейбітшілігі мен тыныштығы үшін дұға жасап, жергілікті дін қызметкерлеріне және аймақ жамағатына  ризашылығын жеткізді. 

ҚМДБ Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары