Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

«Әнет баба» мешіті шаруашылық қызметкерлерінің еңбегі еленді
23 желтоқсан, 2022 жыл 150 Басып шығару нұсқасы

   Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің шаруашылық қызметкері ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының директоры Мақсатбек Мақсотұлының  алғыс хатымен марапатталды. Алғыс хатты «Зекет және қайырымдылық» қорының Қарағанды облысы бойынша жауапты өкілі Касимов Мирас Ерланұлы табыстап, өкілдіктегі қор атынан шаруашылық қызметкерлеріне сыйақы табыс етті.

Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінде арасын үзбей өткізіліп жатқан игі істердің жоғары деңгейде өтуіне ат салысып, қызу жұмыстың ортасында жүрген шаруашылық қызметкерлерінің еңбегі ерен. Осы орайда, қордың Қарағанды облысы бойынша жауапты өкілі мешіт қызметкерлерінің алдағы жылға деген ынталары мен жігерлерін одан әрі жандандыру мақсатында өзінің шексіз алғысын білдіріп, қаржылай сыйақы үлестірді.

 

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары