Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Абай ауданында кезекті қайырымдылық шарасы жүзеге асты
26 желтоқсан, 2022 жыл 102 Басып шығару нұсқасы

  ҚМДБ-ның Қарағанды облысы Абай ауданына қарасты Топар кенті «Жұмабек Тәшен» мешітінде кезекті қайырымдылық шарасы жүзеге асып, әлеуметтік көмекке мұқтаж он отбасыға азық-түлік қоржыны үлестірілді.

"Қайырымдылық-қайырлы іс". Абай ауданында арасы суымай үздіксіз өткізіліп келе жатқан  сауапты һәм қайырлы істер Топар кентінде жалғасты. Игі шара аймақтық мешіттің имамы Мурсали Қаленұлының ұйымдастыруымен жүзеге асты. Шара барысында көп балалы, жалғыз басты және әлеуметтік көмекке мұқтаж он отбасыға қайырымдылық қоржындары жеткізіліп берілді. Жылдың соңын сауапты істермен аяқап жатқан аймақтық мешітте алдағы уақытта да игі істер өз жалғасын таппақ.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары