Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

«Жанқұтты би» мешіті жолаушыларға көмек көрсетуде
05 қаңтар, 2023 жыл 954 Басып шығару нұсқасы

  Қылышын сүйретіп қыс келіп, ауа-райы күрт өзгерген. Қарағанды облысында қарлы жел көпшіліктің мазасын алды. Дәл осындай күннің ызғарлы сәтінде облысқа қарасты Шет ауданына келіп тоқтаған  жүзге жуық жолаушыларға аудандық «Жанқұтты би»  мешіті қамқорлық көрсетті.

  Мешітте сапарлатып келе жатқан жолаушыларға екінші күн  көмек көрсетілуде. Игі шара жергілікті әкімдіктің қолдауымен және «Ж.Ақылбаев» атындағы орта мектеп қызметкерлерінің ат салысуымен жүзеге асуда. Алла үйіне келіп аялдаған жолаушыларға үш мезгіл ыстық ас берілуде. Игі шараның басы-қасында жүрген мешіт имамы Берік Алпысбайұлы жолаушылармен тілдесіп, рухани қолдау көрсетуде.

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары