Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Абай ауданында әйелдер жамағаты бүлдіршінге қуаныш сыйлады
05 қаңтар, 2023 жыл 58 Басып шығару нұсқасы

  ҚМДБ-ның Қарағанды облысына қарасты Абай аудандық орталық мешітінің имамы Асхат Қанайұлының бастамасымен әйелдер жамағаты «Қайырымды жұма» акциясы аясында ата-ананың қамқорлығынсыз қалған төрт жасар бүлдіршінге көмек көрсетті.

Қайырымдылық шара барысында мешіт ұстазы Ақбота Қайратқызы бастаған әйелдер жамағаты мен мешіт шәкірттері жеткіншекке қажетті киім кешектер, тәттілер және жеміс жидек толы себет дайындап, бүлдіршінге үлкен қуаныш сыйлады. 

Абай аудандық мешітіне кірісімен рухани жылулықты сезінген бүлдіршін өзіне тарту етілген сыйлықты қуана қабылдады.

«Жерде жетім жыдаса, көкте періште күңіренеді»,-дейді. Ендеше, ел аман жұртымыз тыныш заманда кішкентай сәбилеріміз ешқашан жыламасын демекпіз.

 

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары