Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Теміртауда салауат айтудан сайыс өтті
05 қаңтар, 2023 жыл 139 Басып шығару нұсқасы

  Қарағанды облысына қарасты Теміртау орталық «Әлихан Бөкейхан» мешітінің имамы Бейбіт Бақытжанұлының бастамасымен Теміртау қаласы мешіттері жамағаты арасында Пайғамбарымызға (ﷺ) салауат айтудан жарияланған марафон мәресіне жетіп, жеңімпаздар марапатталды.

  Осыдан біраз уақыт бұрын мешіт жамағаттарының арасында Пайғамбарымызға (ﷺ) салауат айтудан сайыс жарияланған болатын. Осыған орай қатысушылар арасында қорытындылау жиыны өтіп, барлық қатысушыларға арнайы сый-сияпаттар табыс етілді. Шара барысында Теміртау орталық «Әлихан Бөкейхан» мешітінің имамы Бейбіт Бақытжанұлы «Пайғамбарға махаббат» тақырыбында уағыз -насихат айтып, сұрақ-жауап ұйымдастырды. Марапаттау рәсімі Теміртау қалалық «Жақып Ақбай» мешітінде болып өтті. Айта кетейік, барша Теміртау жамағаты бірігіп Алла елшісіне (ﷺ)2 000 000 мәрте салауат жолдады.

 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары