Қарағанды облысына қарасты Саран қалалық мешітінде қасіретті қаңтар оқиғасы құрбандарының рухына арнап Құран бағышталды.
Айта кетсек, бүгін тарихқа «қасіретті қаңтар» ретінде енген оқиғаның елімізде орын алғанына бір жыл толды.
Осы орайда, ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша бас имамы Әбдіғали Естай Айтуғанұлының бастамасымен осы қасіретті оқиғаның салдарынан көз жұмған марқұмдарға Саран қалалық мешітінің имамы Мұхамедқали Салиқов бастаған мешіт жамағаты арнайы дұға бағыштап Құран оқыды. Елдің ертеңі мен тыныштығын тілеп, Жаратқаннан еліміздің бейбітшілігін сұрады.
Пікірлер