ҚМДБ-ның Қарағанды облысына қарасты Шет ауданы, Ақадыр кенті «Иса молла» мешітінде қысқы демалыс уақытын тиімі өткізген мектеп оқушылары мешітте алған дәрістерін қорытындылады.
Арнайы дәрістері мешіт имамы Азамат Кешубай жүргізіп, жеткіншектерге Құраннан дәріс өткізді. Қысқы демалыс уақыттарының алғашқы күнінен бастап жүргізілген дәрістердің нәтижесінде балалар Құран оқып қана қоймай, Ислам әдептері, Ғибартты әңгімелер, дұғалар және т.б тәрбие танымдық ақпараттармен сусындады.
ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі
Пікірлер