Қарағанды облысына қарасты Әлихан Бөкейхан ауданы «Төлеутай ата» мешітінде дәстүрге айналған «Бірлігі жарасқан жамағат» атты рухани кеш болып өтті.
Жершілікті жамағат бас қосқан кеш барысында әдеттегідей ақ дастархан жайылып, бірлік тақырыбында насихат айтылды.
Шараға ҚМДБ жанындағы «Зекет және қайырымдылық» қорының Қарағанды облысы бойынша жауапты өкілі Мирас Ерланұлы арнайы қатысып, жамағатқа қордың атқарған жұмыстарына қатысты қысқа-нұсқа есеп берді. Сонымен қатар, алдағы жоспарлармен бөлісіп, соңынан жамағат тарапынан қойылған зекетке қатысты сұрақтарға жауап берді.
ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі
Пікірлер