Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

«Тегін такси» қайырымдылық акциясы Саран қаласында жалғасты
11 қаңтар, 2023 жыл 380 Басып шығару нұсқасы

  ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша бас имамы Әбдіғали Естай Айтуғанұлының бастамасымен жүзеге асып жатқан «Тегін такси» қайырымдылық акциясы облысқа қарасты Саран қалалық мешітінде жалғасты.

Шара барысында мешіт жамағаты мен еріктілерінен құралған топ Саран, РТИ ықшам ауданы, 106 ауылы және Дубовка ауылы бағыттары бойынша аялдамада тұрған жолаушыларға  қызмет көрсетіп, діттеген жерлеріне тегін жеткізіп салды.

Мешіт имамы Саликов Мұхаммедқали қажы аталмыш сауапты шараға ат салысып, қол ұшын берген жамағаттарға және еріктілер тобына  алғысын айтып, ризашылығын білдірді.

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары