ҚМДБ Қарағанды облысына қарасты Абай аудандық орталық мешітінің имамы Асхат Қанайұлының ұйымдастыруымен «Қайырымды жұма» акциясы өтті. Шара барысында әлеуметтік көмекке мұқтаж бес отбасыға азық-түлік қоржындары үлестірілді.
Айта кетсек, діни басқарманың бастамасы негізінде Қарағанды облысының бас имамы Естай Айтуғанұлының тапсырмасымен облысқа қарасты мешіттерде әр жұма сайын «Қайырымды жұма» игі шарасын өткізу дәстүрге айналып келеді.
«Жұма сайын игі дәстүрге айналған «Қайырымды жұма» акциясы бүгін біздің мешітте жалғасын тапты. Алла Тағала баршамыздың жасаған амалдарымызды қабыл етсін!», деді Абай аудандық орталық мешітінің наиб имамы Саян Дүйсенбекұлы.
ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі
Пікірлер