Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

«Әнет баба» мешіті ұжымы облыстық мұражайға барды
22 қаңтар, 2023 жыл 131 Басып шығару нұсқасы

   Тарих - үздіксіз даму үстінде болатын ғылым. Өткенін білмей қазіргі мен болашақты болжау мүмкін емес. Осы орайда, Қарағанды облысының бас имамы Естай Айтуғанұлының бастамасымен «Әнет баба» мешітінің ұжымы облыстық мұражайда болып, тарихи жәдігерлермен танысты. 

Шара «Дін мен дәстүр» бөлімінің жауапты өкілі Бақдәулет Қыдырбайұлының ұйымдастыруымен жүзеге асты. 

Мұражайда мешіт ұжымына экспонаттар туралы түсінік берілді. Көптеген қазақтың ұлы тұлғаларының аспаптары мен олар туралы тың мәліметтермен танысты. 

Ұлттық құндылықтарымыздың тарихынан хабар алған мешіт ұжымы мұражай аралау сәтінде үлкен ұлы сезімге, патриоттық рухқа бөленіп шықты. Мұражайға тек қана қызықтау мақсатында келмей, керемет сезімге бөленгендерін, терең ой түйгендерін бір-біріне айтып, ой бөлісті.

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары