Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

«Зекет және қайырымдылық» қоры алтын алқа иегеріне көмек көрсетті
26 қаңтар, 2023 жыл 252 Басып шығару нұсқасы

   Қасиетті Ережеп айының құрметіне орай   «Зекет және қайырымдылық» қорының Қарағанды облысы бойынша жауапты өкілі Мирас Ерланұлының ұйымдастыруымен кезекті қайырымдылық шарасы жүзеге асып, алтын белгі иегеріне көмек көрсетілді.

Бес парыздың бірін өтеп, зекет берген жандардың септігімен қордың облыс бойынша жауапты өкілі Мирас Ерланұлы әлеуметтік көмекке мұқтаж, көп балалы ананың шаңырағына арнайы барып, алтын алқа иегері атанған жалғызбасты ананың хал-ахуалынан хабар алды.

 Шара барысында көмекке зәру болып отырған отбасыға қуаныш сыйлап, азық-түлік үлестірілді. Сонымен қатар, қаржылай көмек көрсетілді.

Алдағы уақытта ережеп айында атқарылатын шарапатты істер жүзеге аспақ.


Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары