Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

«Әлихан Бөкейхан» мешітіне жаңа наиб имам тағайындалды
27 қаңтар, 2023 жыл 315 Басып шығару нұсқасы

  ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығымен Теміртау орталық «Әлихан Бөкейхан» мешітіне жаңа наиб имам қызметке тағайындалды.

Жұма намазына жиылған жамағатқа аймақтық мешіттің имамы Бейбіт Бақытжанұлы  қызметке тағайындалған Бауыржан Мейиімбекұлын таныстырып, ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығын оқып берді.

Бұған дейін екі жыл Қарағанды қалалық «Әл Машани» мешітінде наиб имам қызметін атқарған  Бауыржан Мейиімбекұлының біліктілігі мен білімі жайлы, қарым-қабілеті турасында лебіз білдіріп, жамағатқа қысқаша ақпарат беріп өтті.  

Бауыржан Мейиімбекұлы 29.03.1988 жылы дүниеге келген.

Білімі:

   - 2006-2010 жж. Мысыр Арап республикасында құран жаттау бөлімін бітірген;

   - 2011-2019 жж. Мысыр араб республикасы Әл-Әзһар университетінің (санауй) институт, (кулия) университетін тәмамдаған.

Еңбек өтілі:

-2010-2011жж. Алматы қаласы, Нұр-мубарак университетінің дайындық курсында ұстазы;

-2019-2020 жж. Жезқазған қаласы «Ахмет Ишан Оразайұлы» мешітінде найб имам қызметі;

-2020 жылдан бастап, осы уақытқа дейін  Қарағанды қалалық « Әл-Машани» мешітінде найб имам қызметін атқарды.

 

Отбасы жағдайы: Үйленген, екі ұлы бар.

Қарағанды облысының баспасөз қызметі

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары