Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Саран қалалық мешіті жамағаты шағын футбол турниріне қатысты
30 қаңтар, 2023 жыл 120 Басып шығару нұсқасы

   Қарағанды қаласы «Болашақ» колледжінің ұйымдастыруымен өткен шағын футбол турнирінде Саран қалалық мешітінің атынан қатысқан құрама жүлделі үшінші орынды қанжығасына байлап қайтты.

Аталмыш шараны өткізудегі мақсат – жастар арасында тығыз байланыс орнату, жат ағымдардан сақтандыру және салауатты өмір салтын қалыптастыру. Сондай-ақ,  мұсылманшылыққа тән сабырлылық пен көркем мінезді ойын кезінде де сақтауды үйрету.

Жалпы жиырма құрама бақ сынасқан сайыста Саран қалалық мешіті құрамасының қорғаушысы Нұрмұратов Қанат үздік қорғаушы номинациясын иеленді. 

Қарағанды облысының баспасөз қызметі

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары