Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

«Төлеутай ата» мешітінде «Орамалым –асыл тәжім» атты рухани кеш болып өтті
30 қаңтар, 2023 жыл 266 Басып шығару нұсқасы

   Қарағанды облысы, Әлихан Бөкейхан ауданы «Төлеутай ата» мешітінің ұстазы Фатима Аманболдықызының ұйымдастыруымен халықаралық орамал күніне орай  «Орамалым- асыл тәжім» атты рухани кеш болып өтті.

Жаулық күніне орай өткен  игі шара «Төлеутай ата» мешітінің имамы Серік Амамбайұлының қасиетті Құран аяттарын оқуымен ашылды.

Шарада кештің құрметті қонағы, «Әйел-қыздар» секторының Қарағанды облысы бойынша жауапы өкілі Бақытгүл Айтқализы орамал хақында әсерлі уағыз-насихат айтып, кешке жиналған әйелдер жамағатын айтулы мерекемен құттықтады.

Айта кетейік, мешіт ұстазы Фатима Аманболдықызының ұйымдастыруымен мешіт шәкірттері арасында айтулы күннің құрметіне орай «Орамалым-асыл тәжім» атты эссе жазудан шығарма байқауы жарияланған болатын. Рухани кеш барысында осы байқаудың үздік деп  танылған жеңімпаздары марапатталды.

 Одан кейін,  Қарағанды обылстық «Әнет баба» мешітінің ұстазы Арай Серғалиқызы ережеп айының қадір қасиеті жайында насихат айтты.

Шара барысында  мешіт шәкірттерінің орындауымен орамал тағу үлгілері көрсетілді.

Берекелі шараға арнайы дастархан жайылып, әйелдер жамағаты ақ дастархан басында бас қосып, ұстаздардың  уағызымен сусындап, көкейлерінде жүрген сұрақтарына жауап алды. Шара соңында кештің құрметті қонақтары, ұстаз Бақытгүл Айтқалиқызы мен Арай Серғалиқызына  мешіт жамағаты атынан сый – сияпат тарту етілді.

Ақ жауалықты әжелер осындай игі бастаманы жүзеге асырған «Төлеутай ата» мешіті ұжымы мен ұстаздар қауымына алғыстарын білдіріп, бата берді.

Қарағанды облысының баспасөз қызметі

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары