Қарағанды облысы бойынша «Әйел-қыздар» секторының ұйымдастыруымен «Ислам және отбасы» тақырыбында мешіт шәкірттері мен еріктілеріне арналған келелі отырыс болып өтті.
Рухани шара барысында Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің ұстазы Арай Серғалиқызы әйелдер жамағатына діндегі әйел адамның мәртебесі, отбасындағы ер мен әйелдің өзіндік рөлі, бала тәбиесі жайында уағыз-насихат айтты. «Қызым, саған айтам...» тақырыбында қажетті кеңестермен бөлісіп, Ислам дінінің бұйрықтары мен тыйымдарымен таныстыра өтті. Түрлі жастағы қыз-келіншектер дастархан басында бас қосып, көкейлерінде жүрген түрлі сауалдарға жауап алды.
Айта кетейік, насихат дастарханы сектордың облыс бойынша жауапты маманы, ұстаз Бақытүгл Айтқалиқызының ұйымдастыруымен тұрақты өткізіліп тұратын болмақ.
Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі
Пікірлер