Адам өмірінде сауабы үзілмейтін сауапты істердің ретін Алла тағала адамзат баласына асыл діні арқылы көрсетіп қойған. Дүние тіршілігінде пенде өзінің артынан ізгі іс қалдыруды қалайды. Бізге бұл дүниеде сауапты амал жасауға мүмкіндік мол. Сондай шексіз сауаптың бірі – халыққа, қоғамға пайдалы ғимарат салудың қатарында мешіт салу.
Қарағанды облысы, Әлихан Бөкейхан ауданы «Төлеутай ата» мешітінің имамы Серік Амамбайұлы мешітті салуға демеушілік көмек көрсетіп, қажырлы жәрдем еткен жомарт жандарды алғыс хатпен марапаттап, құрмет көрсетті.
Атап айтқанда, «TOO CMK GROUP» компаниясының ұжымына және мешіттің салынуына өзіндік үлес қосқан Қанат Дәуренбекұлының иығына шапан жауып, берекелі дастархан басында қонақ етті.
Елдің көркеюіне, халқымыздың діни және рухани дамуына, жастардың дұрыс тәлім-тәрбие алуына үкен үлес қосып, Алланың қасиетті үйін салуға себепші болған жандарға мешіт имамы алғысын айтып, жамағат ризашылығын білдірді.
Пікірлер