Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Қарағанды облысы имамдарының алқалы жиыны өтті
09 ақпан, 2023 жыл 434 Басып шығару нұсқасы

   Қарағанды облысының бас имамы Естай Айтуғанұлының төрағалығымен өңір имамдарының 2023 жылға арналған алқалы жиыны болып өтті.

Аймақтағы қала, аудан, ауыл мешіттерінің дін қызметкерлері қатысқан жиында облыс бас имамы ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының төралқа мәжілісінде бекіткен бағдарлық баяндамасы негізінде жұмыс бағытын таныстырды.

ҚМДБ тарапынан қабылданған «Дін мен дәстүр», «Ізгі қоғам», «Ихсан және насихат», «Діни оқу-ағарту», «Жат діни ағымдардан сақтандыру» бағыты бойынша «Ислам және ізгі қоғам» жылында атқарылуы тиіс істерге басымдық берілді.  

Сондай-ақ дін қызметкерлерінің білімдерін жетілдіру мәселесі, бақылау- басқару, діни уағыз-насихат, шариғат және пәтуа бөлімі, жергілікті халал өнімдерін стандарттау, қайырымдылық және уақып істері, ғаламтормен жұмыс сынды салалық қызметтер талқыланып, ҚМДБ тарапынан жүйеге енгізілген міндеттемелер негізінде тапсырмалар жүктелді.  

Жиын соңында облыс бас имамы 2022 жылы белсенді қызмет атқарғаны үшін Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің наиб имамы Нұржігіт Оразалыұлына, Халал Даму ЖШС-ның Қарағанды облысы бойынша жауапты маманы Ысқақ Рахимбекұлы мен «Дін мен дәстүр» және «Қамқор-Шарапат» салттық қызмет көрсету орталығының жауапты маманы Бақдәулет Қыдырбайұлына Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының алғыс хатын табыстады.

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары