Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Әйелдер жамағаты «Әл Машани» мешітінде бас қосты
13 ақпан, 2023 жыл 86 Басып шығару нұсқасы

    Қарағанды қалалық «Әл Машани» мешітінде  әйел-қыздар секторының ұйымдастыруымен «Қасиетті айлардың ерекшелігі» атты  әйел жамағатына арналған рухани кеші  болып өтті.
Мешіт ұстаздары, шәкірттері мен ерікті жамағат қатысқан игі шара Құран оқуымен басталды. Құран аяттары оқылып болғанннан кейін сөз алған мешіт имамы Сайлау Жұмағұлұлы "Ислам дініндегі білім алудың артықшылығы" жайында әсерлі насихат насихат айтыты. Сонымен қатар, берекелі кешке келген әйелдер жамағатына  ақ лебізін білдірді.
Шара барысында мешіт ұстаздары жиылған қауымға қасиетті айларға қатысты түрлі өнегеге толы насихат айтты. ҚМДБ Әйел-қыздар секторының Қарағанды облысы бойынша жауапты маманы Бақытгүл Айтқалиқызы "Қасиетті айлардың ерекшеліктері" тақырыбында әсерлі насихатымен бөлісті. Сонымен қатар, мешіт ұстазы Гүлзжазира Ақназарова "Қасиетті айлардағы құлшылықтар" аясында мол ақпарат беріп, сауапқа толы айларда құлшылықпен өткізудің жолдарынан ақпарат берді.  Рухани шара барысында шәкірттердің білімге деген ынталарыны арттыру мақсатында арнайы  сайыс өткізілді.
Кеш соңында осындай үлгі аларлық көркем шараның өтуіне ұйытқы болған  мешіт ұтсаздары мешітінің ұстазы келген қонақтарға алғысын білдіріп, алдағы уақытта да дін мен дәстүрімізді қоса насихаттайтын, әйел жамағатына арналған шаралар ұйымдастырылып тұратынын атап өтті.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары