Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

№ 102 мектеп-гимназиясында әкелер басқосуы өтті
14 ақпан, 2023 жыл 174 Басып шығару нұсқасы

   Қарағанды қаласындағы 102 мектеп-гимназиясында «Асқарым бар, өте биік әке деген» атты әкелердің қатысуымен тағылымды жүздесу өтті.

Кездесу барысында Қарағанды облысы бойынша «Дін мен дәстүр» бағытының жауапты маманы Бақдәулет Қыдырбайұлы қатысушыларға отбасындаңы әкенің рөлі, бала тәрбиесі, отбасындағы берекенің бастауы, имани тәлім-тәрбие, әдеп-иба жайында насихат айтты.

Басқосуға оқу орындарының ұстаздары мен қызметкерлері қатысып, көкейде жүрген сұрақтарына жауап алды. Мектеп-гимназиясының ұжымдары Бақдәулет Қыдырбайұлына басқосуға келіп, ғибратты әңгіме өрбіткені үшін ризашылық білдірді.

www.ihsan.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары