Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

«Қамқор-Шарапат» және «Пәтуа» бөлімі семинар өткізді
16 ақпан, 2023 жыл 178 Басып шығару нұсқасы

    Қарағанды облысының бас имамы Естай Айтуғанұлының тапсырмасы аясында облыстық "Қамқор-Шарапат" салттық қызмет көрсету орталығы мен  «Пәтуа» бөлімі «Бала қажы» мешітінде семинар өткізді.

Серпінді семинарға  Қарағанды облысына қарасты қала  мешіттерінің осы бағытқа жауапты имамдары мен молдалары қатысты. Алдымен «Қамқор-Шарапат» бағытының жауапты маманы  Бақдәулет Қыдырбайұлы баяндама оқып, мұсылмандық жерлеу рәсіміндегі бірізділік пен зират мәдениеті турасында және  халық арасындағы басқосуларда айтылатын насихаттың маңыздылығына түсіндерме жүргізді.

Одан кейін,  «Пәтуа» бөлімінің маманы Юсуф Шұғайұлы күрделі мәселелерде үкім беруде тиянақты болуға шақырып, ҚМДБ-ның бірқатар пәтуаларымен кеңінен таныстырды. Молдалар ел ішінде жиі қойылатын зират пен жерлеу жайлы сұрақтарына нақты жауаптар алды.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары