Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Қарқаралыда колледж студенттерімен рухани кездесу өтті
16 ақпан, 2023 жыл 180 Басып шығару нұсқасы

   Қарағанды облысының дін қызметкерлері Қарқаралы ауданында орналасқан Мыңжасар Әдекенов атындағы ауылшаруашылық колледжі студенттерімен кездесті.

Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің наиб имамы Нұржігіт Оразалыұлы мен ҚМДБ Шариғат және Пәтуа бөлімінің Қарағанды облысы бойынша жауапты маманы Юсуф Шұғайұлы және колледж оқытушыларының қатысуымен жастармен сүбелі басқосу өтті.

Қарағанды облысының бас имамы Естай Айтуғанұлының тапсырмасымен жүзеге асқан жиында «Ислам және ізгі қоғам» тақырыбы аясында  жастарға тәрбиелік-танымдық насихаттар айтылып, ислам дініндегі бейбітшілік пен татулықтың маңыздылығы түсіндірілді. Отанға деген сүйіспеншілік, ата-ананың разылығына жету, дінді дұрыс ұстану, айналадағы адамдармен көркем мәміледе болу сынды тақырыптар рухани кездесудің өзегіне айналды.

Сондай-ақ қазіргі таңдағы маңызды мәселелердің бірі – жат ағымдардың қоғамға тигізер зардаптары мен оның алдын алу жайлы ақпарат берілді.

Жиын соңында қос діни қызметкер жастардың көкейлерінде жүрген шариғи сұрақтарына тұшымды жауап беріп, студенттерге білім алу жолында сәттілік тіледі.

Қарағанды облысының баспасөз қызметі

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары