Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

«Қазыбек би» мешіті жамағаты бас қосты
17 ақпан, 2023 жыл 104 Басып шығару нұсқасы

ҚМДБ-ның Қарағанды қалалық «Қазыбек би» мешітінің имамы Абдрахман Ысқақ Рахимбекұлының ұйымдастыруымен   жамағат   арасында футбол ойындарын өткізу дәстүрге айналған. Жыл басынан бері өткізіліп келе жатқан спорттық шара  тағы бір мәрте жалғасын тауып,  мешіт жамағаты  футбол алаңында бас қосты. Ойынның алғы сөзін бастаған мешіт имамы жамағатқа алдымен "Ихсан ілімін" насихаттап, сайысқа сәттілік тіледі.

"Бірлігі жарасқан жамағат" тақырыбы аясында өткен сайыстың мақсаты жамағат арасында бірлікті арттырып, толеранттылықты қалыптастыру, салауатты өмір салтын насихаттау. Айта кетейік, дәстүрлі ойын  әр сенбі күні ұйымдастырылады. 

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

 

 

 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары