Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Мәйітті жуу және кебіндеу жөнінде дәріс өтті
20 ақпан, 2023 жыл 111 Басып шығару нұсқасы

   Қарағанды облысына қарасты «Төлеутай ата» мешітінде облысқа қарасты  «Қамқор-Шарапат» салттық қызмет көрсету орталығының қолдауымен  «Әнет баба» мешітінің ұстазы Бакирова Арай Серғалиқызы мәйітті жуындыру және кебіндеу рәсімімен таныстыру-үйрету дәрістерін өткізді. 

 «Жаназа және жерлеу рәсімдері» кітабының мазмұны бойынша қысқаша шолу жасап, мәйітті жуындыру, кебіндеу рәсімдерінің әрқайсысына жекелей тоқталып өтті.

Сондай-ақ қуыршақ манекен арқылы мәйітті жуындыру тәртібін іс жүзінде көрсетті. Мәйітті жуындыру кезінде сақтық шараларын ескеру, мәйіт әуретіне қарамау, ерді ер азамат, әйелді әйел кісінің, мүмкін болса ет-жақындарының жуындыруы, мәйітті кебіндеу, жерлеу рәсімдерінің реттілігі, жаназа туралы егжей-тегжейлі түсіндірілді.

Сонымен қатар, діни жоралғылардың дәстүрмен сабақтастығы туралы да қамтылды. Танымдық дәріске де қатысушылар тақырып аясында қосымша сауалдар қойып, өздеріне қажетті мағлұмат алды.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары