ҚМДБ-ның Қарағанды облысына қарасты Абай аудандық мешітінде «Алла елшісінің (с.а.с) намазының сипаты» кітабы бойынша дәріс аяқталып, мешіт шәкірттеріне оқулық тарту етілді.
Жақында ҚМДБ-ның Төрағасы, наиб мүфти Сансызбай Құрбанұлы Шоқановтың «Алла елшісінің (с.а.с) намазының сипаты» атты авторлық туындысы жарыққа шыққан болатын. Аталмыш кітапты халық арасында насихаттап, пайғамбарымыздың (c.а.с) Ұлы құлшылығы жайындағы деректерді жамағатқа жеткізу мақсатында Абай аудандық мешітінде аталмыш кітап бойынша дәріс беру басталғанын хабарлаған болатынбыз. Мешіт наиб имамы Саян Дүйсенбекұлының жүргізуімен өткен дәріс бүгінде сәтті аяқталып, шәкірттерге аталмыш оқулық сыйға тартылды.
ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі
Пікірлер